Среда, 27 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіШортандыда инклюзивті білім беру кабинеті ашылды

Шортандыда инклюзивті білім беру кабинеті ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында Ақмола облысының Шортанды кентіндегі №1 мектеп қабырғасында 15 желтоқсан күні инклюзивті білім беру кабинеті салтанатты түрде ашылды. Ресурстық кабинеттің ашылуы Ақмола облысының білім басқармасының Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Ресурстық кабинеттер желісін кеңейту» іс-шаралар жоспарының арқасында, инклюзивті білім беруді қолдаудағы «Кедергіс болашақ – кедергісіз мектеп» бірлескен жобасы аясында мүмкін болды.

Мерекелік іс-шараға Шортанды ауданының әкімі Малғаждаров Бауыржан Бағдатұлы, аудандық маслихаттың хатшысы Садвокасова Гульнур Анурарбековна қатысып құттықтау сөздерін айтып нысанның лентасын кесті.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Шортанды аумақтық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қожамсейітов Ахмедия Шабданұлы, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Сытник Татьяна Александровна, Шортанды ауданының ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ахметова Шолпан Хасенқызы құттықтау лебіздерін білдірді.

Мектеп қабырғасында ашылған инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті кез келген баланың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың дамуы үшін кедергісіз және достық жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірнеше аймақтардан тұратын заманауи кеңістік болып табылады. Бұл кабинет: жалпы сабақтар аймағы, жеке сабақтар аймағы, релаксация аймағы, ата-аналар аймағы деп 4 аймаққа бөлінген. Бұнда психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтың қатысуымен бұзылу түрі, ақау құрылымы, жас ерекшелігі және әр оқушының, тұлғаның ерекшелігі есепке алына отырып, түзете- дамыту жұмыстары жүргізіледі. Кабинет жаңа материалдық жиынтықтармен жабдықталған.

Мерекенің соңында аудан әкімі Малғаждаров Бауыржан Бағдатұлы ұжымға шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілей отырып осы кабинеттің алда жаңа белестерді бағындыратына сенетінін айтты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...