spot_img
- Жарнама -spot_img
2.2 C
Kokshetau
үйӘлемСи Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР басшысы болып қайта сайланды

Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР басшысы болып қайта сайланды

-Жарнама -spot_img

Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының (ЖХӨЖ, парламент) депутаттары Си Цзиньпиньді үшінші бес жыл мерзімге ҚХР төрағасы қызметіне сайлады. Бұл туралы жұма күні «Синьхуа» агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЖХӨЖ депутаттары дауыс беру кезінде бірауыздан Си Цзиньпиньді қолдады.

Сондай-ақ Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайланды.

Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэцзи Жалпықытайлық халық өкілдері жиыны Тұрақты комитеті – елдің жоғарғы заңнамалық органының төрағасы қызметіне сайланды.

Сонымен қатар ЖХӨЖ депутаттары Хань Чжэнді ҚХР төрағасының орынбасары лауазымына сайлады.

Дауыс беру 14-шақырылым ЖХӨЖ бірінші сессиясының үшінші пленарлық отырысы кезінде өтті.

2023 жылдың 5-13 наурызы аралығында Бейжіңде жыл сайынғы ЖХӨЖ сессиясы өтіп жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985желдеткіштерсияқты
2,458ізбасарларыорындаңыз
61,453абоненттержазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img