1.2 C
Кокшетау
Четверг, 30 ноября, 2023
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысСібір елігін атып алған браконьер қолға түсті

Сібір елігін атып алған браконьер қолға түсті

-Жарнама -spot_img

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу шеңберінде ағымдағы жылғы қарашаның 14-де «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 291 шақырымында «Toyota» автокөлігі тоқтатылды.

«Тұлпар-10» Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының жасағы, аға лейтенант Алтынбек Накенов пен лейтенант Айбек Балтабеков Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған көліктің салонын тексеру кезінде еліктің 1 ұшасы мен тегіс ұңғылы үш мылтықты тапты. Жүргізуші мен оның 36 жастағы жолаушысында елік атуға қандай да бір рұқсат құжаттары болмаған.

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің  337-ші бабының «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жануарлардың түрі мен жасын анықтау үшін сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша істің барлық мән-жайларын объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img