Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының мәліметінше, Жеңіс күні соғыс ардагерлерінің үйі ауласында ұйымдастырылған байланыссыз концертке Көкшетау қаласының шығармашылық ұжымдары, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының үрмелі оркестрі, «Арабеск» балет студиясы, Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің вокалдық тобы, Ләззат Едірісова қатысты.
«Біздерге бейіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге бүгінгі ұрпақ мәңгі қарыздармыз. Ардагерлерімізге мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!», – деді ведомстводан.