Пятница, 29 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіСтуденттер арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінің қорытындысы белгілі болды

Студенттер арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінің қорытындысы белгілі болды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы студент жастардың арасында облыстық пікір — сайыс турнирін өткізді.

Турнирге 22 команда, барлығы 44 студент қатысты.

Іс-шара студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыруға, облыстың пікірсайыс қозғалысын дамытуға және қолдауға ықпал етеді.

Төрешілердің қорытынды шешімі негізінде пікір – сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Қазақ лигасында:
1 орын – Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің «Флейм» тобы;
2 орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің «Рухты ұрпақ» тобы;
3 орын – Щучинск қаласы жоғары техникалық колледжінің «Шың» тобы.

Орыс лигасы бойынша:
1 орын – Көкшетау қаласы, «Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің» «Біржан ұрпақтары» тобы;
2 орын –Көкшетау қаласы, «Арна» жоғарғы колледжінің «Ар — Намыс» тобы;
3 орын –Көкшетау қаласы жоғары медициналық колледжінің «Вербум» тобы.

Сонымен қатар төрешілер турнирдің Үздік спикерлерін таңдады олар қазақ лигасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің «Рухты ұрпақ» тобының спикері Жанибек Дана, ал орыс лигасында Көкшетау қаласы, Жоғарғы медициналық колледжі «Вербум» тобының спикері Айтмұхамбет Аружан иеленді.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...