Су тасқынына қарсы іс-шараларда жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету үшін аудандарға Төтенше жағдайлар департаментінің құралдары жіберіледі. Бүгін қызметкерлер Целиноград ауданына аттанды, жақында Атбасар ауданына шығу жоспарланған. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Жергілікті билік көктемгі кезеңнен қауіпсіз өту үшін барлық шараларды қабылдап жатқанына қарамастан, кейбір елді мекендерде, әсіресе, елорда маңында су басу қаупі сақталуда.
«Бүгінде қалыптасқан бағандар тікелей Целиноград ауданында авариялық-құтқару шұғыл жұмыстарын жүргізу үшін жіберілді. Барлық күштер мен құралдар тобы 66 адам, 16 бірлік техника, 10 мотопомпаны құрайды», – деп атап өтті ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.
Айта кету керек, су тасқыны жағдайы нашарлаған кезде құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауды жүзеге асырады. Ол үшін эвакуацияланушыларды қабылдайтын 222 негізгі пункт, 71 резервтік пункт, мал айдауға арналған 98 орын дайындалды. Сондай-ақ 2 733 адам, 1 292 бірлік техника, 59 жүзу құралдары, 248 мотопомпа даярланды. 353,5 тонна жанар-жағар май, 15 480 тонна инертті материалдар, 93 941 дана қаптар дайындалды.
Биылғы қыс Ақмола облысында, өңірде, әсіресе, елорда маңы аудан тұрғындары үшін, су тасқынының қаупіне әкелетін қардың толассыз мол түсуімен атап өтілді.