Вторник, 12 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы үкіметтік емес сектордың рөлі талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы үкіметтік емес сектордың рөлі талқыланды

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғамды кеңінен тарту мәселелері бойынша өткен кездесуге Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әмренова және өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының бірінші орынбасары қатысушыларды мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы маңызды өзгерістерді түсіндірді. Арман Бердалин ҮЕҰ басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған түрлі жобаларға, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын құру шеңберінде мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылына белсенді қатысуға шақырды.

Алтынай Әмренова атап өткендей, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өңірде жыл сайын елдің қалың топтарын тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Спикер үкіметтік емес ұйымдар қоғамның тұрақтылығын сақтауға және адамгершілік құндылықтарды дамытуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Кездесуде сөз алған облыстың «Сара» ҚҚ төрағасы Сара Баймағамбетова, «Наше право» ҚБ Төрағасы Владислав Шуль, «Kazakhstan Innovations» ҚБ төрағасы Марьям Әбішева, «Ел бірлігі» ҚБ төрағасы Бақыт Смағұл және басқа да белсенді қоғам өкілдері үкіметтік емес секторды дамыту, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін ұлғайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы...

Ақмола облысында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне 2024 – 2025 оқу жылдарына іріктеу аяқталды

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту үшін Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Оның мақсаты жастарға мемлекеттік органдарда...