Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Ақмола облысында болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Ақмола облысында болды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Шортанды ауданының «Сервистік әкімдігіне» болды.

Әкімдік жұмысының форматы жергілікті атқарушы органдар қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер жедел ұсынуды мен кеңес беруді, сондай-ақ азаматтарды кедергісіз қабылдауды көздейді.

Өткен жылдың маусым айынан бастап аудандық «Сервистік әкімдік» жұмыс істей бастағаннан бері жергілікті атқарушы органдардың мамандары ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, білім беру, сәулет және қала құрылысы, ТКШ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында 400-ден астам азаматқа мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес берді. «Сервистік әкімдік» мамандарымен барлығы 85 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады.

Сапар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары ауданның қолжетімді әкімдігінің жұмыс процесімен танысып, мемлекеттік органдар осындай ашық диалог алаңдарын орнату арқылы, ең алдымен, азаматтардың сеніміне бағдарлануы тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы, қолжетімділігі және клиентке бағдарлануы мәселесіне ерекше назар аударады. «Сервистік модельді» қолдана отырып, біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерді жедел, тиімді әрі жайлы алуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауымыз керек»,- деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, тұрғындар үшін қолжетімділік мақсатында Шортанды ауданы әкімінің мен азаматтарды жеке қабылдау кабинеттері ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, олармен Агенттік басшылығы жұмыс сапары барысында таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда облыстың барлық аудандары мен қалаларында, сондай-ақ Красный Яр ауылында «Сервистік әкімдіктер» жұмыс істейді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...