Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке балалар мерекесін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке балалар мерекесін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Наурыз мейрамы қарсаңында «Ізгілік елшісі» әлеуметтік жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік қызметтің ұжымы облыстық «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының кішкентай балалары үшін сүйікті мультфильм кейіпкерлерін шақырумен ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды, ол бірде-бір баланы бей-жай қалдырмады.

Мерекеде балалар байқауларға, флэшмобтарға, шарларды үрлеуге, сондай-ақ күміс дискотека мен сабын көпіршіктер шоуына қатысты.

Іс-шараға қатысқан Департамент басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері үшін дәстүрге айналған қайырымдылық акциялары, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ қолдау мен көмекке мұқтаж адамдарға арналғанын атап өтті.

«Жаңа өмірдің басталуын білдіретін осындай жарқын көктем мерекесінде біз ерекше мұқтаж балаларға жылулық пен көңіл бөлгіміз келді. Біз жағымды әсер қалдырдық деп есептейміз, сонымен қатар осы Орталықтың балаларына қайырымдылық көмекті біз алдағы уақытта да көрсететін боламыз», — деп атап өтті ол.

Іс-шара балаларға кеңсе заттары түріндегі сыйлықтарды  табыстаумен және мерекелік шай ішумен аяқталды.

Өз кезегінде, Орталық басшылығы мен балалардың өздері Департаментке жағымды көңіл-күй үшін алғыстарын білдірді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...