Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу институтының әрекет ету кезеңінде жалпы сомасы 5,7 млн теңгеден астам 37 адам көтермеленді.
2020 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін аймақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1,5 млн.теңге сомасына 9 адамды марапаттады. Негізінен азаматтар парақорлық фактілері туралы хабарлады. Мысалы, ауыр қылмыстар санатына жататын пара алу фактісі туралы хабарлаған облыс тұрғыны 198 000 теңге сомасында көтермеленді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап кейбір түзетулер енгізілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, осындай фактілер туралы хабарлаған адамдар үшін біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.
Пара немесе келтірілген залал сомасы, сондай-ақ, ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК – тен (2 917 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Егер жоғарыда көрсетілген сома 1000 АЕК – тен асса-сыйақы 10% — ды құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен аспайды (11 668 000 теңге).
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдар үшін біржолғы ақшалай сыйақыдан бас тартылған жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.
Көтермелеудің ұқсас жүйесі бірқатар шет елдерде табысты қолданылып келе жатқанын атап өту маңызды.
Сыбайлас жемқорлықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша ақпарат бергені не басқа да түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыруды арттыру шаралары халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетікке белсенді тартуға бағытталған.
Облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Агенттіктің Саll-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Оның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы хабарламаларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды қабылдау.