Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыТүркияның кейбір аудандарында құтқарушылар іздестіру жұмысын тоқтатуға мәжбүр

Түркияның кейбір аудандарында құтқарушылар іздестіру жұмысын тоқтатуға мәжбүр

Сенбі күнгі кешкі мәлімет бойынша, Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты. Тірі қалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, бірақ неміс және австриялық құтқарушылар тонау мен атыс салдарынан апат аумағында жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылардың өздеріне қауіп төнді

Екі неміс ұйымы – Германияның халықаралық іздестіру және құтқару қызметі (ISAR) және Германияның техникалық көмек көрсету жөніндегі федералдық агенттігі (THW), одан кейін тағы бірнеше ұйым Түркияның оңтүстігінде құтқару жұмыстарын тоқтатты.

«Әртүрлі топтар арасындағы қақтығыс туралы хабарлар көбейіп келеді, сонымен қатар оқ атқан дыбыстар да естіледі», – деп түсіндірді ISAR өкілі Штефан Хайне.

ISAR және THW Түркияның Азаматтық қорғаныс қызметі Түркия төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) оларға қауіп сейілгенін хабарлаған жағдайда іздестіру жұмысына қайта кірісуге дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін Австрия әскерилері Түркиядағы құтқару жұмысын тоқтатқан болатын. Олардың өкілінің айтуынша, кейбір топтар арасындағы атыс-шабыс пен морадерлік құтқарушыларға үлкен қауіп тудырып отыр.

Түрік билігі қақтығыстар немесе атыс туралы хабарлап жатқан жоқ, бірақ ел президенті Режеп Тайип Ердоған сенбі күні жер сілкінісінен зардап шеккен аймақта тонау фактілері бар екенін мойындап, билік шара қолданатынына сендірді.

Еске салайық, Түркиядағы алапат зілзала 6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен басталған еді. Артынан 648 афтершок тіркелді. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Осы күндері зардап шеккен халықты құтқаруға Қазақстан мамандары даатсалысып жатыр.

Фото: EPA-EFE/REX/SHUTTERSTOCK

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...