Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметіне талдау жүргізді.
Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 167 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2022 жылмен салыстырғанда тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілер санының 17%-ға төмендегенін атап өткен жөн.
Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері бөлінісінде бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері тәртіптік теріс қылықтардың ең көп мөлшеріне жол берген.
Бұл ретте, Департаменттің назарында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру мәселелері тұр.
Мысалы, Ақмола облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары жұмысының талдауымен мемлекеттік қызметшілерге теріс қылықтар жасау фактілерімен келіспеген жағдайда қызметтік тергеп-тексерудің міндетті рәсімін өткізбестен тәртіптік жаза қолдану фактілері анықталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында көзделген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мерзімдерін бұзу фактілері анықталды.
Мұндай бұзушылықтар тағайындалған тәртіптік жазалардың заңсыздығын және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылғандығын көрсетеді.
Осыған байланысты Департамент тәртіптік комиссиялар төрағаларының қатысуымен семинар өткізіп, оның барысында өзекті мәселелерді көтерді. Оған қоса, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары қызметінің қорытындылары қаралып, басым бағыттар белгіленді.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс Департамент қызметіндегі басым бағыт болып табылатынын және осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатынын атап өту қажет.
Қайрат Аманов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы