spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«ТеART-Көкше» фестивалі жұмысын қорытындылады

«ТеART-Көкше» фестивалі жұмысын қорытындылады

-Жарнама -spot_img

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4-8 қазан аралығында өткен үшінші халықаралық «ТеART-Көкше» фестивалінде Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген 11 шығармашылық ұжым түрлі жанрдағы қызықты қойылымдарын көрсетті.

Фестивальді Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық орыс драма театры (ГИТИС) Ресей театр өнері институтымен бірлесіп ұйымдастырды. Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан атап өткендей, театр спектакльдері облыс орталығының бірнеше алаңында өтті. әлемге әйгілі театртанушылар мен сыншылар бағалады.

«Біз алғаш рет қазылар алқасына өте танымал театр мамандарын шақырдық. Олардың қатарында әр түрлі елдердің сыншылары болды. Жалпы, театрлар шынайы бағасын алғанына сенімдіміз, – деп атап өтті Ақмола облыстық орыс драма театрының басшысы Бейбіт Бақтыгереев.

Фестивальдің жабылуына қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова театр ұжымдарынан қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Айталық, фестивальдің бес күнінде ұсынылған қойылымдарға 1000-нан астам көрермен қатысқан. Фестиваль қорытындысы сай үздіктер бес аталым бойынша марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img