ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Ақмола облысы әкімі аппаратының алаңында «Қызметтік іссапарларға, еңбек демалыстарына төлемдер жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуы» және «Мемлекеттік органды тарату немесе қайта ұйымдастыру, штат санын қысқарту, мемлекеттік орган ішіндегі басқару құрылымын өзгерту кезіңде құқықтардың сақталуы» тақырыптары бойынша семинар-тренинг өтті.
Іс-шара барысында демалыс беру және қызметшілерді іссапарға жіберу кезінде заңнама талаптарын бұзу фактілеріне жүргізілген талдау нәтижелерінде анықталған бұзушылықтар туралы мәселе көтеріліп, сондай-ақ қызметшілердің қалпына келтірілген құқықтарының мысалдары келтірілді.
Атап айтқанда, жүргізілген талдаулардың қорытындысы бойынша 68 қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. Департамент талаптарының негізінде қызметшілерге іссапар шығыстарының тиесілі сомалары және демалысқа жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам уақыт төлемегені үшін өсімпұл төленді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органды тарату, қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.