ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ануар Омаров Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ұжымымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін түсіндіру мақсатында семинар өткізді.
Іс-шарада әлеуметтік желілерді жүргізу, қызметтік автокөлікті пайдалану кезінде жұмыс уақыты режимін сақтау, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау бойынша, сондай-ақ ойын мекемесіне барудан бас тартыну туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Кездесу барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптар берілді.