Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕсілЗаречный ауылдық округінде "Nur Otan" партиясынан кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары

Заречный ауылдық округінде «Nur Otan» партиясынан кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Асқарбек Үйсімбаевтың, облыстық және аудандық мәслихаттар кандидаттары Абай Жорабектің, Екатерина Сапарованың Заречный ауылдық округінің тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Заречное ауылы шаруашылыққа бейім, үлкен қалалардан алыс орналасқан. Ауылдың өмірі қайнап жатыр.

Ақмола облысының Есіл ауданындағы «Заречный» ЖШС – мемлекет пен бизнестің табысты ынтымақтастығының жарқын мысалдарының бірі. «Заречный» ЖШС директоры — Қазақстан Республикасындағы ең ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірі, Есіл ауданының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Польза, честь и слава» РФ орденінің кавалері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Лучшие люди» Халықаралық энциклопедиясына енген Уәлихан Әріповты елімізде және одан тыс жерлерде біледі. Ол «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік бағдарламаларды сөзбен ғана емес , іс жүзінде жүзеге асырады.

Елді мекенде жергілікті шаруа қожалығының қаражаты есебінен балабақша салынды, компания қызмет көрсету шығындарының біраз бөлігін өз мойнына алды. Мәдениет үйі мен стадион жөнделді, шаруашылық оны қалпына келтіруге 70 млн теңгеден астам қаражат жұмсады. Ауылда шаштараз және наубайхана жұмыс істейді.

Жас мамандарды қолдау мақсатында 2012 жылы мұғалімдерге арналған 4 пәтерлі үй салынды. Айта кету керек, ауыл тұрғындары қалалық жағдайдағы игіліктерге қол жеткізіп өмір сүреді: үйлерге сумен жабдықтау жүйесі жүргізілген, ал жол жиектеріне төсемдер төселінген

Кездесу барысында кандидаттар Заречный ауылдық округінің тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, жетістіктер мен алға қойған мақсаттар, болашаққа басымдықтар туралы айтып берді.

Үміткерлер бүгінде азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтетінін атап өтті. Партия әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істейді және өзіне сенімді ақтауды міндет етіп қояды. Облыстың әрбір тұрғыны даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерге ие болады.

Өз кезегінде сайлаушылар үміткерлерге табыс тілей отырып өтініштерін білдірді.

Атап айтқанда, Есіл-Заречное Республикалық маңызы бар жол төсемін күрделі жөндеу басты мәселеге көңіл бөлуді айтты.

Соңында кандидаттар барлық сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда «Nur Otan»партиясына дауыс беруге шақырды. Сынақтардан өтіп, бірге жеңіске жеңеміз!

«Nur Otan» партиясының Есіл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді».

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...