Наурыз мейрамы қарсаңында Зеренді ауданындағы «Aurora Garden» отбасылық демалыс орталығында қоғамдық тамақтану кәсіпкерлері арасында «Наурыз көже — ұлыс дәмі» ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылып, үздіктері марапатталды.
Байқауда жергілікті туристік нысандар өздері жасаған ұлттық тағамдарын ұсынды. Байқауға қатысушылар түрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып көрді.
Байқау қорытындысы бойынша алғашқы үш орынды «Керемет» дәмханасы («К.С.Ескендіров» жеке кәсіпкерлігі) мен «Aurora Garden» отбасылық демалыс орталығы (Шораева Замира Өмірбекқызы) және «Садықов» жеке кәсіпкерлігі өзара бөлісті.
Ал қалған қатысушылар – «Секенов» жеке кәсіпкерлігі, «Тамаша» дәмханасы («Мұханжаров» жеке кәсіпкерлігі) және «Синильга» мейрамханасы (Н.В.Сусина) байқауға қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.