Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіЗеренділік жасөспірімдер үшін облыс орталығына ұмытылмас экскурсия ұйымдастырылды

Зеренділік жасөспірімдер үшін облыс орталығына ұмытылмас экскурсия ұйымдастырылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында балалар жылы аясында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген республикалық іс-шаралар жоспарының «Отбасы-қауіпсіз мекен» бөлімінде көзделген экскурсиялық-танымдық балалар мен жасөспірімдер туризмі белсенді жүргізілуде.

7 сәуір күні өскелең ұрпақты туған өлкенің дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына баулу, рухани-патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында, облыстық мәслихаттың депутаты К. А. Сұлтановтың бастамасымен және ұйымдастыруымен, сонымен қатар жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен Зеренді ауданына қарасты Айдарлы, Красный Кордон, Айдабол, Викторовка ауылдарынан 40 оқушы Көкшетау қаласына экскурсияға келді.

Өз мектебінің білім озаттары, көпбалалы отбасылардан шыққан жасөспірімдер Көкшетау қаласының тарих, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану және М.Ғабдуллин мұражайларын аралады.

Кейін жас зеренділіктер үшін «BOLASHAQ SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайы өз есігін айқара ашты. Балаларға ауқымды бағдарлама дайындалып, «BOLASHAQ SARAIY»-нда жасөспірімдер спорттық жарыстарға қатысты, зертханаларға экскурсия жасады және балалардың қатысуымен тренингтер жүргізілді.

Балаларға демеушінің көмегімен кешенді түскі ас тегін ұсынылды.

Сапар кезінде оқушылар жағымды эмоциялар сыйлаған мазмұнды, ауқымды мәдени бағдарламаға дән риза екенін жеткізді.

«Біздің балалардың осы керемет экскурсияға барғанына өте қуаныштымын. Балалық шағымда менің де Көкшетау қаласына экскурсияға барған кезім, қызықты, сол кездегі ұмытылмас минуттар есіме түсті. Балалар бұл жағымды эмоцияларды жылдар бойы есінде сақтайды. Өскелең ұрпақтың мәдени мұрасына қамқорлық жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Өйткені, бұл сапар кезінде жаңа достармен танысып қана қоймай, сонымен бірге кішкентай Отаны туралы ұмытылмас мағлұматтар алды. Мен мұндай іс-шараларды өзекті және уақтылы деп санаймын», — деп, Селенек Алисаның әжесі экскурсия ұйымдастырушыларына өз алғысын білдірді.

Айта кету керек, бұл жас зеренділіктердің облыс орталығына жасаған екінші экскурсиясы. Бірінші ретте бұндай экскурсиялық-танымдық сапарға аудан орталығының оқу озаттары келген болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...