Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар-кеңес ұйымдастырып, онда 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтау мониторингінің, сондай-ақ қашықтықтан, аралас қашықтықтан жұмыс пен икемді жұмыс уақыты режимін қолданудың қорытындылары талқыланды.
Қолжетімділікті бақылауды есепке алу жүйесінің (бұдан әрі — ҚББЖ) мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың 1 тоқсанында жалпы ұзақтығы 83 сағат 49 минут болатын 30 мемлекеттік қызметшіні үстеме жұмысқа тарту фактілері анықталды.
Департаменттің хаты негізінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік органдарда демалыс беру туралы актілер шығарылды.
Департамент Ақмола облысының мемлекеттік органдарының ҚББЖ жарақтандырылуына талдау жүргізді. Мәселен, мәліметтерге сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік органдарында 671 мемлекеттік органның 218-де ҚББЖмен қамтылған, ал ҚББЖні «Е-Қызмет» ЫАЖ-мен ықпалдастыру 66-да жүргізілген.
«Е-Қызмет» ЫАЖ-мен ҚББЖ ықпалдастыру бойынша оң жұмысты Степногорск қаласында-11, Атбасар – 9, Қорғалжын – 6, Шортанды – 6, Бурабай – 5, Зеренді – 5, Астрахан – 4, Сандықтау – 2, Ақкөл – 1 аудандарында, сондай – ақ Әділет департаментін және Ұлттық статистика бюросын атап өткен жөн.
Мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтерге сәйкес 25 мемлекеттік қызметші үшін икемді кесте белгіленген, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда – 5 және орталық мемлекеттік органдарда – 20, 1 мемлекеттік қызметші үшін қашықтықтан жұмыс белгіленген.
Демалыс және мереке күндері жұмыспен 80 мемлекеттік қызметші қамтылды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда 5 қызметші және орталық мемлекеттік органдарда 75 қызметші. Бұл ретте 46 мемлекеттік қызметшіге өтемақы төленіп, 34-ке демалыс берілді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 тоқсанында жұмыс уақытының сақталу мониторингі 72 мемлекеттік органда немесе 2024 жылы жоспарланған 117 органның 61,5% жүзеге асырылды, сондай-ақ жоспардан тыс негізде 3 мемлекеттік орган қамтылды. Мониторинг барысында 18 бұзушылық анықталды, 4 акт жасалды және барлық 18 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында семинарға қатысушыларға заңнама талаптарын сақтау туралы айтылды.