spot_img
spot_img
9.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіЖүзден астам ақмолалық оқушы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңіне қатысты

Жүзден астам ақмолалық оқушы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңіне қатысты

-Жарнама -spot_img

2022 жылғы 12-13 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін өтті.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.

Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамытуға, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етеді.

Байқауға Ақмола облысының 17 ауданынан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 107 оқушы қатысты.

Байқау 6 аталым бойынша өткізілді.

1) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

2) «Абайдың қара сөздері»

3) «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»

4) «Көңілім әнді ұғады»

5) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

6) «Ұлылар әлемі»

Шығармашылық байқау барысында Астрахан, Бурабай, Зеренді, Аршалы аудандарынан, Степногорск қаласынан балалар жақсы нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен  марапатталды.

Сонымен қатар Абай оқуларынан 1 орынға иеленген оқушылар Республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img