Пятница, 13 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚазақстанЖаңа құрылған Туризм және спорт министрлігін Ермек Маржықпаев басқарады

Жаңа құрылған Туризм және спорт министрлігін Ермек Маржықпаев басқарады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Боранбайұлы 1969 жылы туған, Целиноград қаласының тумасы.С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Астанадағы № 29 ОМ дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.1992-1993 жылдары — Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентi, № 7 ОМ тарих мұғалiмi.
1993-1994 жылдары — «Шонай» ШЖК директоры.
1994-2008 жылдары — «Береке-Бурабай» ЖШС директоры.
2008-2012 жылдары — Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.
2012-2013 жылдары — Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.
2013-2014 жылдары — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.
2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң Мемлекеттiк инспекторы.
2015-2019 жылдары — Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.
2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...

«Көшпенділер әлемі» этноауылының салтанатты ашылуы өтті

Күні бойы Ақмола облысының мәдени бағдарламасы ұсынылады. Салтанатты шеруде бірліктің нышанына айналған "Тайқазанға" Ақмола облысының делегациясы қатысты, оның құрамында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, спортшылар,...

Ақмола облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті облыс әкімі орынбасарының, аудандар әкімдері орынбасарларының, облыстық білім, цифрландыру басқармаларының, аудандық білім бөлімдері және бас бухгалтерлердің...

«Астана-Қорғалжын» және «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасының барысына ашық...