Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыЖамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс орын алды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс орын алды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс орын алды. Ресми ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Жамбыл облысындағы әкери бөлім қоймаларының бірінде сағат шамамен 19:00-де өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы мен өртті сөндіруге арналған шынжырлы арнаулы техникасы, сонымен қатар Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру топтары жұмылдырылған. Қоймада негізінен инженерлік оқ-дәрі сақталған және олар алыс қашықтыққа ұшпайды. Жалпы 6 жарылыс орын алды», — деп хабарлады министрліктен.

Ведомство мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін әскери бөлімге жақын үйлердің адамдары қауіпсіз жерге көшірілген. Қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы ақпарат бар. Оның 10-ы әскери қызметші.

Оқиға орнына Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері, Қорғаныс министрінің орынбасары, Қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген Әскери әуе күштерінің әскери-техникалық авиация борты ұшып кетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...