Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 51 жастағы азаматты ұстаған. Оның жеке заттарын және жалдамалы пәтерін тексеру кезінде 1 кг 100 гр кептірілген марихуана анықталған.
Ұсталған азамат — ол Жамбыл облысынан Көкшетау қаласына құрылыс саласында жұмыс істеуге келгенін, ал марихуананы өзінің қолдануына арнап алып келгенін, сату мақсаты болмағанын түсіндіруге тырысқан.
Қазіргі уақытта күдікті тұлғаға қатысты ҚР ҚК 296-б. 4 — б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау) .