Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерСандықтауЖас депутаттар-кадрлық резерв мектебі

Жас депутаттар-кадрлық резерв мектебі

Қазіргі уақытта, Қазақстан жастары қоғамның келешегін анықтаушы негізгі факторлардың бірі болып табылатын халықтың үлкен бір әлеуметтік тобына айналған. Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жастарға зор үміт артуы кездейсоқ емес, өйткені оған стратегиялық әлеуметтік – экономикалық жобаларды іске асыруға тікелей қатыса отырып, «Қазақстан-2050» мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құрудың тарихи мүмкіндігі түсті.

Жастық шақ – өз орнын өзі белгілеу кезеңі. Энергия – адамды өмір сүруге мәжбүр ететін көрінбейтін күш, бұл жастықтың қозғалтқышы. Бұл бүгінде көптеген еңбек ұжымдарында, оның ішінде партиялық жүйеде тапшы нәрсе. Бүгінгі таңда кез-келген адам өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алады, сөздің жақсы мағынасында өзін көрсете алады, мансап құрып, қоғамға қажет бола алады. Мұның бәрі нақты адамға, оның қаншалықты көшбасшы екеніне, қаншалықты көпшіл және еңбекқор екеніне байланысты. Тек жас кезінде, егер сіз қаласаңыз, айналаңызда бір нәрсені өзгертуге болады.

2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін алдағы сайлаудың жағымды жағы «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне жас буын өкілдері: Нұрпейісов Дархан Орынбайұлы, Жақсыбаева Аягөз Айтмұханқызы және Белуха Вячеслав Александрович кірді, ал бұл үшін алғышарт олардың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымы, табысты жас маман мәртебесі.

Жас үміткерлердің лайықты ауылда өмір сүруге деген ықыласы бар, онда жарық, су, бос уақыт, сапалы білім, мектепке дейінгі тәрбие, медициналық қамтамасыз ету және т. б. жайлы жағдайлар жасалған. Олар кім болса да ауылдың болашағын көргенін және бізде лайықты өмір сүру үшін барлығы бар – деп кез-келген адамның айтқанын қалайды. Олар бастамаларға толы және біздің кіші Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істегісі келетін әрбір адаммен ынтымақтасуға дайын.

Сайлауалды компания шеңберінде жас кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласып, ауылдық округ сайлаушыларымен кездесулер, «Есіктен есікке» акциялары мен канвассингтер өткізді. Өткізілген әңгімелесулер барысында сайлаушылар өздерінің проблемалары туралы айтып, тілектерін білдірді және болашақ депутаттарға аманатын тапсырды.

Кандидаттар өз кезегінде сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен және олардың ауылда өмір сүру жағдайларын дамытуға және жақсартуға бағытталған жеті басым бағытымен таныстырды. Оларды сайлау рәсіміне саналы түрде қарауға, парасатты әрекет етуге, партиялар мен кандидаттардың іс бойынша және болашақтағы қызметін бағалауға шақырды. «Nur Otan» партиясы қатарындағы тәжірибе мен жастықтың үйлесуі оң нәтиже беріп, біздің ортақ мақсатымызға қол жеткізуге көмектеседі деп сену ғана қалады. Жастық шақ пен тәжірибе үшін дауыс беріңіз! «Nur Otan» үшін дауыс беріңіз!

«Nur Otan» партиясының Сандықтау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...