Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлегі Жандарбеков Әлімжан Елубайұлы жалпы конкурс арқылы Ақмола облысы білім басқармасының оқу-материалдық базасын нығайту және дамыту бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
Осыған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев жас маманмен кездесіп, оған таланттар пулына қабылданғанын растайтын сертификаттар табыстаған болатын.
Әлімжан Жандарбеков қолданыстағы заңнаманы білуіне арналған тестілеуді сәтті тапсырып, әрі қарай Департамент өкілінің консультативтік сүйемелдеуі арқылы пилоттық режимде eqyzmet.gov.kz порталы арқылы жалпы конкурсқа қатысып, 6 үміткердің ішінен жеңімпаз атанды.
Бүгінгі таңда мектеп түлегіне білікті мемлекеттік қызметшілер қатарынан тәлімгер бекітіліп, жас маман өз қызметіне кірісті.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күнге дейін барлығы 8 түлек таланттар пулына қабылданды. Департамент жас мемлекеттік қызметшілер мектебі түлектерінің мемлекеттік қызметке орналасуына мониторинг жүргізуді жалғастырады.