Департамент басшысы Думан Әбілев жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің бірнеше түлектерімен кездесу өткізіп, олардың алдағы уақытқа жоспарларын, мемлекеттік қызметке түсу мәселелерін талқылады. Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің бірқатар түлектері бүгінгі таңда мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейді.
Кездесу соңында Думан Әбілев түлектерге таланттар пулына қабылданғанын растайтын сертификаттар табыстады. Бүгінгі күнге дейін 8 түлек таланттар пулына қабылданды.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда мектеп түлектері ҚР заңнамасын білуіне және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтуде. Аталған тестілеуден сәтті өткеннен кейін олар таланттар пулына қабылданады.
Қазіргі уақытта тағы бірнеше түлек тестілеуден өтуді жалғастыруда. Олар тестілеуді сәтті өткен жағдайда оларға сертификаттар қосымша табысталатын болады.
Департамент жас мемлекеттік қызметшілер мектебі түлектерінің мемлекеттік қызметке орналасуына мониторинг жүргізуді жалғастырады.