Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотЖасөспірім қызын зорлап келген ақмолалық 16 жылға сотталды

Жасөспірім қызын зорлап келген ақмолалық 16 жылға сотталды

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған қызын бірнеше рет зорлады деп айыпталған Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Қылмыс жасаған кезде қыз 17 жаста еді. Алғаш рет әкесі жасөспірімді 2020 жылдың тамызында қорлаған: туыстарынан қайтып келе жатып, ер адам көліктің салонында өзінің арам ойын іске асырған. Қорыққан қыз бұл оқиға туралы анасына айтпаған, ұялған, ал жазасыз қалған әкесі кейіннен өзінің сұмдық әрекеттерін тағы екі рет қайталады. Үш айдан кейін, қараша айында қыз анасына оқиға туралы айтқан, ал ол өз кезегінде полицияға хабарлаған.

Тергеушілер дереу ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі (көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты жасалған зорлау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады. Тергеу аясында құқық қорғау органдары жәбірленуші мен күдіктінің айғақтарын мұқият зерттеп, мұқият тексерді, сот-медициналық және сот – психологиялық-психиатриялық сараптамалар жүргізді, оқиға орнында қыздың айғақтарын тексеру және нақтылау жүргізілді.

Бұл ретте сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін жартылай мойындады, алайда тергеушілер жинаған дәлелдемелер оның сұмдық қылмыс жасағанын толық дәлелдеді. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды сот қарастырған жоқ.

Соттың үкімімен ақмолалыққа 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сондай-ақ қыздың пайдасына 3 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ер адам бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...