Вторник, 8 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіЖасөспірімдер мен жастарға тәрбие беру мәселесі талқыланды

Жасөспірімдер мен жастарға тәрбие беру мәселесі талқыланды

«Бала құқығы — адам құқығы» республикалық айлығын өткізу бойынша  «Ата-аналар балалар үшін жауапты немесе балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында интерактивті дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің мамандары, отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері және т. б. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында балалар ортасында құқық бұзушылықтың және балалардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу шаралары, сонымен қатар «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру бойынша жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеудің маңызды және өзекті мәселелері қаралды.

Атбасар қаласы «Жарқын шоқжұлдыз» отбасылық клубының жетекшісі Е.Кравцунова отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы бойынша жұмыс тәжірибесімен және нәтижелерімен бөлісті.

Ақмола облысы бойынша әкелер одағының төрағасы Е Закирьянов, Степногорск қалалық білім бөлімінің қалалық ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары А.Капезов өз сөздерінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың маңызды және қажетті рөлін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ата-аналар қауымдастығымен жұмыс істеу үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...