spot_img
- Жарнама -spot_img
12.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЖастар мемлекеттік қызметке қызығушылық танытуда

Жастар мемлекеттік қызметке қызығушылық танытуда

-Жарнама -spot_img

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде соңғы курс студенттеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты.

Жәрмеңке барысында Департамент өкілдері студент жастарды мемлекеттік қызметке орналасу және оны өткеру тәртібімен, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары қолданып отырған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларымен таныстырды.

Департамент өкілдері мемлекеттік грантпен оқу орындарын жоғары көрсеткішпен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алатындарын түсіндірді.
«Осындай бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері түлектерге жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, бос жұмыс орындарымен танысуға, қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беріп, жастардың жұмысқа орналасуына септігін тигізеді» – деп есептейді Департаменттің ресми өкілі Жазира Сейтмағанбетова.
Жәрмеңкемен 300-ден астам студент қамтылды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img