Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайЖастардың бизнес-бастамаларына қолдау көрсету керек

Жастардың бизнес-бастамаларына қолдау көрсету керек

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихатына депутаттығынан үміткер Талғат Құмарұлы Жапаров жергілікті кәсіпкерлер және қала тұрғындарымен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Еліміздегі «Жас кәсіпкер» жастар бизнес бастамаларының бағдарламасын іске асыруға және жыл сайын 3 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін бастауына қолдау көрсетіп келе жатыр.

Щучинск қаласында волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелеу және жыл сайын кемінде 2 волонтерлік жобаны іске асыруға жәрдемдесіміз,-деп бастады әңгімесін Талғат Құмарұлы. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтіп отыр. Ауданда 19,9 мың жас немесе тұрғындардың жалпы санының 23,3% тұрады.

Бұл жастарды заман талабына сай қалыптастырып, елдің экономикалық тұрғыдан көтеруіне ықпал жасап, кем жеріне кірпіш қылып қалауды аға буынның жинаған тәжірибесі арқылы тәрбиелеу керек. Құдайға шүкір, қазіргі күні аз жылдың ішінде еліміздің еңсесі көтеріліп, біраз шаруалар атқарылып оң нәтижелі жұмыстар жүріп жатыр. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартып әлемдік нарықта бәсекелестікпен жұмыс істеу бүгінгі заман талабы.

Щучинск қаласы облысымыз бойынша ірі ауданның бірі, бұл жерде кімге болсын жұмыс істеуге, өзінің кәсібін дөңгелетуге мол мүмкіндік бар. Әсіресе, туризмдік бағыттарды жұмыс істеп, өзіміздің табиғаты сұлу, ауасы таза жерде туризмге түрлі жобалар ашып, мақсатты түрде еркін қадамға барып, мемлекетіміздің нығайып, одан әрі күш алуына ықпал жасауымызға жол ашылып отыр. «Nur Otan» партиясының бағдарламасындағы елдің әл-ауқатын көтеруге арналған тапсырмаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, елбасының партиясымен бірге болашаққа нық қадам жасап, халқымыздың өмір деңгейін жақсартуға аянбай еңбек етеміз,-деді өз сөзінде Талғат Құмарұлы.

Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерге сауалдар қойылып, жауаптар қайтарылды. Талғат Жапаров алда келе жатқан халық қалаулыларың сайлайтын кезеңде бәріміз бір ауыздан

нақты іспен, батыл қадамға бара алатын «Nur Otan» партиясына дауыс береді деп кездесуге жиналғандарға нық сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...