Сенбі, Шілде 27, 2024
20.4 C
Kokshetau
26 C
Nur-Sultan
37 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБұландыЖастардың таңдауы - "Nur Otan"!

Жастардың таңдауы – «Nur Otan»!

«Nur Otan» партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде, біздің халқымыздың бірлігі, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының артуының сенімді кепілі.

Өткен жылда алғашы рет өз мәресіне жеткен партияішілік іріктеу – праймеризге – Бұланды аудандық мәдениет үйінің басшысы, мәдениет саласының жас әрі талантты маманы, қоғамдық істерден бас тарпайтын азамат, «Nur Otan» партиясың мүшесі Әлішер Кенжеғалиев қатысып, қазіргі таңда Бұланды аудандық мәслихатқа «Nur Otan» партиясынан жас буынның атынан үміткер болып отыр.

Әлішер Жәнібекұлы «Жас келсе іске» деген ата-бабамыздың даналығын естен шығарған емес. Өзі сияқты жүрегінде еліне, жеріне деген ыстыс сезімі лаулаған, елдің болашағы үшін адал еңбек етіп, аз да болса, маңызды үлесімді қосып, ортақ мүдде үшін аянбаймын деген жастардың саны артып келетіндігіне қуанатыны рас.

Биыл әлемді шарпыған пандемия кезіндегі сын сағатта жастардың азаматтық ұстанымы, көмек көрсетуге деген адал ниеті жоғары болғаны нұртандықтың көңіліне шуақ ұялатады. Мемлекеттік басшысының 2020 жылды Еріктілер жылы деп атағаны да бір жақсылықтың белгісі болса керек.

Жастық жалауын көкте самғатып, қайырымдылық шаралардың ортасынан табылған жалынды жастар ел болашағына бей-жай қарамайтынын нақты істерімен дәлелдеп берді. Қоғамдық жүктемесімен бірге жастар өздерін білім, өнер, спорт жағынан жетілдіріп, жан-жақты дамытып келеді.

Депутаттыққа үміткердің айтуынша жастардың қолында үлкен мүмкіндіктер бар, ал оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, жүзеге аспайтын жоба, жетпейтін белес қалмас. Бастысы – ортақ мүдде үшін адал еңбек пен азаматтық белсенділікке дайын болу.

Бұланды ауданының «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы» 2025 жылға қарай мынадай міндеттер қояды:

– Бұланды ауданының көрнекті тумалары, дәлірек айтсақ, қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақ, кеңес және қазақстандық филолог, филология ғылымдарының докторы, С. Сейфуллин сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің мұрасын насихаттау жөніндегі жобаларды іске асыру;

– мемлекеттік тілді танымал ету, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

– қасиетті және маңызды жерлер бойынша өлкетану экспедицияларын өткізуге, ауданның киелі жерлерін абаттандыруға жәрдемдесу;

– 2021 жылы Капитоновка ауылындағы Мәдениет үйінің жертөлесін спорттық залға қайта қалпына келтіру.

         Аталған міндеттерді орындау үшін Әлішер Жәнібекұлы білімін де, жігерін де, ынтасын да аяр емес, өйткені мәдениет – ол халықтың рухани жан азығы, мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, сондықтан мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – үлкен жауапты іс.

         Партия жұмысын негізгі жұмысымен қатар алып жүрген Әлішер Кенжеғалиев бүгін азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтетінін мойындайды. Өңірімізде және ауданымызда шешімін табуға тиісті мәселелер аз емес, сондықтан әр мәселеге тиісті көңіл бөлу қажет.

Сайлаушылармен кездесу барысында жас кандидат «Nur Otan» партиясы – болашақ дамудың партиясы деген ойды алға тартып, жерлестерін дұрыс таңдау жасауға шақырады. Біздің күшіміз бірлікте! «Nur Otan» – жастарға демеу жасайтын, елдің игілігі үшін ауқымды жоспарларды белгілеп, болашаққа деген сенімді бағыт ұстаған нақты істер партиясы!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...