Пятница, 20 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЖастармен ауқымды кездесу өтті

Жастармен ауқымды кездесу өтті

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев жастармен кездесіп, оларды мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырып, мемлекеттік қызметке конкурстық және конкурстан тыс іріктеу тәртібі туралы баяндап, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету мақсатында бекітілген іріктеудің уақытша қағидалары туралы толығырақ ақпарат берді.
Атап айтқанда Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметке іріктеу уақытша қағидалар негізінде іске асырылады.
Мұнда барлық процесстер автоматтандырылған, яғни Еқызмет интернет-платформасы арқылы іске асырылады. Кандидаттар іріктеуге қатысу үшін құжат жинаудан босатылды. Барлық құжаттар кандидаттардың электрондық жеке істеріне басқа жүйелерден жинақталады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнаманы білуіне тестілеу 4 заңнаманы қамтитын 1 ғана бағдарлама бойынша іске асырылады.
Жалпы мемлекеттік тілді және қолданыстағы заңнаманы білуіне тестілеуден өту, бос лауазымдар туралы хабарландырулармен танысу, конкурсқа қатысуға өтінім беру, жеке қасиеттерін бағалау, сонымен қатар сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін бағалау бойынша тестілеуден өту, эссе жазу, әңгімелесуге қатысу — осы кезеңдердің барлығы бір платформада іске асырылады.
Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметтің заманға сай мобильділігін арттырып, жастардың кадрлық әлеуетін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар іс-шараға Ақмола облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің өкілі Ляззат Есенгельдина қатысты. Өз сөзінде ол жастармен пікір алмасып, мемлекеттік қызметті өткерудің қыр-сырымен бөлісті.
Жиын соңында спикерлер жастардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...