Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерШортандыЖеңіске бірге жетеміз!

Жеңіске бірге жетеміз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаев, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлнұр Сәдуақасова, Әділ Кауметов, Іңкәрім Қабылхан  Пригородное, Андреевка, Андреевка ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер мен мақсаттар бойынша жан-жақты түсініктеме  берді. Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.

Бағдарламада белгіленген дамудың жеті басымдығы талқыланып, оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау басты мәселе екенін айтқан болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарын алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмек көрсеткенін айтты.

— Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді,- деді ол.

Кандидат Гүлнұр Сәдуақасова өз сөзінде 2025 жылға қарай қабылданған шаралар жолдардың сапасын арттыруға және жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 58,2 пайыздан 80,5 пайызға дейін жеткізуге, 10 елді мекеннің 8 мыңнан астам тұрғынын сапалы жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлағаны туралы кандидат Марат Атабаев айтып, оның ішінде 3 ауыл – Ключи, Кмышенка және Новографское ауылдарының сумен қамтылатынын алға тартты.

 — Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі білім беру саласына қомақты әсерін тигізді. Қазіргі таңда білім беру мекемелері, оқушылар мен педагогтар қашықтықтан оқыту үдерісіне бейімделген. ҚР Үкіметінің резервінен қашықтықтан оқытуды жетілдіруді ұйымдастыру мақсатымен ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында 1119 бірлік компьютерлік техника, 938 ноутбук, 103 планшет бөлінді, — деп атап өтті аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әділ Кауметов.

Сонымен қатар кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға нақты жауаптарын берді. Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген басымдықтарды қолдайтындарын айтты.

Болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таратып, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық көзқарас танытуға шақырды. Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...