1.2 C
Кокшетау
Четверг, 30 ноября, 2023
ЖаңалықтарҚазақстанЖергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға кедергі барлық қайшылықтар реттелуі керек - Президент

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға кедергі барлық қайшылықтар реттелуі керек — Президент

-Жарнама -spot_img

Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Мемлекет басшысы жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін барлық қайшылықтар реттелуі керек екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақын арада аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқаны өтеді. Бұл саяси жүйенің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сондай-ақ, қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді. Аталған трансформациялық өзгеріс аясында басқару деңгейлері: облыс, аудан, округ арасындағы өкілеттілік пен жауапкершіліктің ара-жігін нақты айқындау – мемлекеттік аппараттың басты міндеттерінің бірі. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін барлық қайшылықтар мен олқылықтар реттелуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, ауыл әкімдеріне зор өкілеттілік бере отырып, оларды қажетті ресурстармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етудің стратегиялық маңызы бар. Осыған байланысты Үкімет қаржыны бюджетаралық бөлу мәселесін қайта қарауы керек.

 

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img