Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЖОО мемлекеттік грант есебінен үздік бітірген 7 жас маманды мемлекеттік қызметке конкурстан...

ЖОО мемлекеттік грант есебінен үздік бітірген 7 жас маманды мемлекеттік қызметке конкурстан тыс қабылдауға келісім берілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдетуге бағытталған жаңа заңнамалық нормаларға сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірнеше тағайындауларға келісім берілді.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік грант есебінен үздік білім алып шыққан түлектер диплом алғаннан соң бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындала алады. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, аудан және ауыл аймақтарында кадр тапшылығын мәселесін шешу үшін қабылданған норма.

Атап айтқанда, облыстың Шортанды, Бұланды, Атбасар, Жақсы, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін 7 жас маманды конкурстан тыс тағайындауға келісім берілді.

Мысалы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шортанды, Бұланды және Қорғалжын аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы лауазымдарына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «агрономия» мамандығы бойынша бітірген 3 түлекті тағайындауға келісім берілді.

Сонымен қатар Атбасар және Шортанды аудандарының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бас маманы лауазымдарына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «сәулет» және «кадастр» мамандықтары бойынша бітірген 2 маманды тағайындауға келісім берілді.

Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылы әкімдігінің жетекші маманы және Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімдігінің бас маманы лауазымдарына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «жерге орналастыру» және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық бизнес және стратегиялық сауда бақылауы» мамандықтары бойынша бітірген 2 маманды тағайындауға келісім берілді.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында Департамент елдің барлық аумақтарындағы жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жүргізуде.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...