spot_img
- Жарнама -spot_img
35.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыӨзі биік, көзге күйік

Өзі биік, көзге күйік

-Жарнама -spot_img

Көкшетаудың Абылайхан даңғылындағы «Мечта» сауда үйінің бүйірінде орналасқан 3 қабатты қаңырап тұрған ғимаратты осылай бір сөйлеммен суреттеуге болады.

Бұл ғимараттың «сақалы сапсиып» тұрғанына бірнеше жыл болды. Не салынбайды, не сырылмайды, айнала бетон қабырғамен қоршалған ғимарат сонау 80 жылдары ашылған бұрынғы «радио зауыттың» меншігінде. Кеңес үкімет кезінде дүрілдеп тұрған зауыттың бүгінгі күні базары тарқап отыр. Сол себепті, бұл ғимараттың жақын арада қалпына келтірілмейтіні анық. Қала қаншалықты көркейіп келе жатқанымен өзі биік, көзге күйік ғимарат анадайдан көзге түседі. Жергілікті билік көрікті Көкшетаудың келбетін бұзып тұрған осы ғимараттың мәселесін оң шешсе деген тілегім бар», – деп редакциямызға хат жазды қала тұрғыны Әнуар Бақсейітов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img