Пятница, 18 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМедицинаӨзімді және баламды қорғағым келеді-ақмолалық әйел "Comirnaty" вакцинасының 1-компонентін алды

Өзімді және баламды қорғағым келеді-ақмолалық әйел «Comirnaty» вакцинасының 1-компонентін алды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазіргі таңда облыста екпе науқаны жалғасуда. Осылайша, бүгінге дейін 110-нан астам бала емізетін әйелдер «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» вакцинасын алды. Солардың бірі – Ботагөз Ақбаева өз пікірімен бөлісіп, екпеден кейінгі денсаулығына тоқталды, деп хабарлайды Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Вакцина қоймаға келген бойда Ботагөз Ақбаеваға екпенің қолжетімді екендігі туралы хабарлама келген.

«Хабарлама келген соң, бір апта ойланып, келдім. Мен бала емізетін анамын, балам алты айлық. Көңіл-күй жақсы», – деді Ботагөз Ақбаева.

Жас ана не себепті екпе алуға шешім қабылдағанын айтты.

«Мен өзімді және баламды қорғағым келеді», — дейді ол.

Көкшетау қалалық емханасы бас дәрігерінің акушерлік және гинекология жөніндегі орынбасары Жұлдыз Апиламның айтуынша, науқастың екпеден кейінгі жағдайы жақсы. Күткендей, ол алғашында жарты сағат фельдшерлер бақылауында болған, кейін үш күн бойы оның жағдайы телефон арқылы тексеріледі. Ботагөз Ақбаева екпе алған

Көкшетау қалалық емханасының балалар бөлімшесінің меңгерушісі Жанна Елемесованың мәлметінше, науқан басталғалы 25 бала емізетін әйелге екпе егілген.

«Бүгінгі таңда 121 жасөспірім екпе алды. Әлі жүкті әйелдер болған жоқ, бірақ сәрсенбіде аяғы ауыр келіншектерге екпе салынады деп жоспарланып отыр. Емханада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деді Жанна Елемесова.

Барлығы 2021 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша Ақмола облысының тұрғындарын Pfizer екпесімен (1 компонент) қамту бойынша саны;
12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер-498,Жүкті әйелдер-10, Бала емізетін әйелдер- 110, Екпе салынады деп жоспарланған адамдар саны-66 105.

Еске сала кетсек, ДДСҰ құптаған әлемдегі алғашқы вакцина – Pfizer Ақмола облысына 17 қарашада жеткізілді. Бірінші кезеңде жеткізілгені 35 100 доза.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...