Ақмола облысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері үшін оқыту тренингтері өткізілуде. Ағымдағы жылдың 19 және 20 сәуірінде Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу бойынша оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастырды.
Іс-шараның тыңдаушылары — әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың аудандық бөлімшелерінің инспекторлары. Тренинг қатысушыларына арналып келесі тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды: «Эмоционалдық күйіп қалудың алдын алу»; «Ақмола облысы дағдарыс орталықтары жұмысының интеграцияланған моделі»; «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, практикалық құралдарды пайдалану»; «Өмірлік қиын жағдайдың туындау қаупі бар аймақтағы отбасылар мен тұлғаларға көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін жеткізу. Отбасылармен жұмыс істеу әдістемесін түсіндіру»
Сонымен қатар, департаменттің ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша аға инспекторы Марина Белик облыс бөлімшелерінің инспекторларына әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша Қазақстан Республикасы ІІО бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды, номенклатуралық істерді жүргізу тәртібін, іс-қимылдар алгоритмін жеткізді.
Тыңдаушыларға 2022 жылға арналған Ақмола облысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізгі бағыттары, отбасылармен жұмыс істеу әдістемесі түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылар облыс орталығының учаскелік полиция пункттеріне барып тәжірибе алмасып, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.