spot_img
- Жарнама -spot_img
18.4 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмыс1 млн теңгені иемденіп алған бұрынғы пошта қызметкері істі болды

1 млн теңгені иемденіп алған бұрынғы пошта қызметкері істі болды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің  мәліметінше, биылғы жылдың 25-ші мамырында Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне Новоселовка ауылының 59 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Әйелдің сөзінше, 2018 жылғы желтоқсаннан бастап 25 мамырға дейін белгісіз біреулер оның «Қазпошта» АҚ-дағы шотынан 993 мың 500 теңге көлемінде ақша қаражатын алған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеген осы ауылдың 32 жастағы тұрғынын анықтады. Қаскүнем бұл әрекетін мойындады»,  – деді ведомстводан.

Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-бөлігі «сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты шақырғанда келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу шаралары жалғасуда.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img