Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетау1-ші қазан көкшетаулық қарттар автобустарда тегін қатынауда

1-ші қазан көкшетаулық қарттар автобустарда тегін қатынауда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұл – Халықаралық қарттар күніне арналған көкшетаулық зейнеткерлерге сый болып отыр.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев аға ұрпақ өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

«Біздің аға ұрпақ өкілдерін шын жүректен Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын!

Бұл – ұрпақтар сабақтастығын білдіретін ерекше мереке. Баршамызға үлгі-өнеге болып табылатын патриоттық сезімдеріңіз, төзімділіктеріңіз бен белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз үшін бәріңіз де шынайы алғысымды қабыл алыңыздар.

Сіздерге қамқорлық жасау, алаңсыз, ұзақ ғұмыр сүрулеріңіз үшін барлық қажетті жағдайды туғызу – біздің маңызды міндетіміз. Біз құрметті еңбек демалысында жүрген немесе айналасындағыларға өмірді шексіз сүюдің үлкен өнегесін көрсетіп, еңбек жолын одан әрі жалғастырып келе жатқан жандардың бәріне терең қошемет білдіреміз.

Сіздерге кез-келген мәселеге немқұрайлы қарамайтындықтарыңыз үшін, жастарға берген тәлім-тәрбиелеріңіз, біздің аймақтың дамуына қосқан мол үлестеріңіз, ақыл-парасаттарыңыз және туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың алғыс айтсақ та көп емес.

Сіздер – біздің байлығымыз, алтын қорымыз, салт-дәстүрімізді сақтаушыларымыз және өскелең ұрпаққа лайықты жол көрсетушілеріміз екендіктеріңіз әмбеге аян. Мен жастарыңыздың егде тартқанына қарамастан, Сіздердің көңілдеріңіздің әлі жас екеніне, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыздан ешқашан таймайтындықтарыңызға өте қуаныштымын.

Бүгінгідей мереке күні Сіздерге зор денсаулық, қызық-қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй, ұзақ өмір, отбасы жылылығы мен бар жақсылықты тілеймін!».

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...