spot_img
spot_img
12.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыАқмолалық оқушыларға берілетін 23 мың компьютерді қоғам өкілдері бақылауда

Ақмолалық оқушыларға берілетін 23 мың компьютерді қоғам өкілдері бақылауда

-Жарнама -spot_img

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев «Antikor ortalyǵy» алаңында өткен онлайн-брифинг барысында айтты.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының ақпараты бойынша, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында өңірдегі мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыстық Білім басқармасына 23 мың бірлік дербес компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуға 3,5 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген. Компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылды, оған Департамент қызметкерлері мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі де кірді.

«Комиссияның уақытылы және тиісті жұмысының арқасында бөлінген бюджет қаражатының 20% – дан астамы, яғни 600 млн. теңгеден астамы үнемделді. Бұл қосымша компьютерлік жабдықтар сатып алуға және осымен мұқтаж оқушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жақында ғана біз жұртшылықпен бірлесе отырып, Қалалық білім бөліміне 200-ге жуық дана көлемінде компьютерлердің бірінші партиясын алуға қатыстық», – деді спикер.

Айта кету керек, компьютерлік техника қашықтықтан оқыту кезінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға уақытша пайдалануға беруге арналған.

«Бұдан әрі қандай да бір ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мектеп оқушылары арасында келіп түсетін компьютерлік техниканың мақсатты бөлінуіне мониторинг жүргізілетін болады. Бұл мәселе Антикордың да, жұртшылық өкілдерінің де бақылауына алынды», – деп атап өтті аумақтық Департамент басшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img