Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжын«Nur Otan» айқын мақсаттар мен биік белестердің партиясы

«Nur Otan» айқын мақсаттар мен биік белестердің партиясы

Сондай-ақ, оқыңыз...

  Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, кандидаттар Сабынды, Арықты  ауыл тұрғындарымен онлайн режимінде үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.

Ауыл тұрғындары кандидат Смагулова Раушан Қазбекқызы, Самат Мамырайымовтарға көкейдегі сұрақтарын қойды. Өз кезегінде кандидаттар сұрақтарға жауап берді және алдағы партия жоспарларын айтты. Нақты істер партиясы «Nur Otan» өзінің қалыптасу кезеңінен бастап тек жақсылық жанашыры ретінде танылып келеді.

Бүгінде халықтың көп бөлігі қолдап отырған саяси ұйымның жоғары санатта болғаны уақыт көрсеткіші. Яғни жасалынған істердің нәтижелері жыл сайын арта түсіп, партия қатары күн сайын көбеюде. «Nur Otan» армандарды орындайтын, үміттерді жандандыратын партия. 

Мысалы, Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды жоспары анық және нақты қадамдарға толы. Атап айтсақ,  «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттер қояды?! Олар:

  «Бақытты отбасы»партиялық жобасын іске асыруға жәрдемдесу. Отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізілетін болады.

  Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, оның ішінде тақырыптық іс-шараларды, Қазақстан халқының бірлігі күнін өткізу есебінен жалғастыру.

 Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауды, қолдану аясын кеңейтуді, Қазақстан халқының тілдерін дамытуды жалғастыру.

  Бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бойынша этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді қолдау және тағы басқа да жоспардың жеті басым бағытының ішіндегі мәселелер толығымен жүзеге асатын болады. Жоғарыда айтып өткендей,  «Nur Otan» партиясы болашақтың мықты діңгегі, нақты істердің дәлелі. 

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Қорғалжын аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...