Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Дүниежүзілік қан доноры шеңберіндегі волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау шеңберінде қан тапсыру бойынша акция өткізілді.
Ерікті акцияға жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 70-тен астам мемлекеттік қызметшісі қатысты.
Акцияның мәні тек қан тапсыру ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында донорлықтың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру болды. Қатысушылар қан тапсыру арқылы денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, адам өмірін сақтап қалуға жәрдемдесуге ұмтылып, асыл бастамаға терең берлігендіктерін білдірді.
Бұл акция Қоғамдық денсаулық пен әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға бағытталған мемлекеттік органдар мен қоғамдық бастамалар арасындағы табысты өзара іс-қимылдың үлгісі болды.