Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызмет8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай ауданы әкімінің аппаратында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізді, оның қорытындысы бойынша 8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Осылайша, анықталған бұзушылықтарды жою туралы енгізілген нұсқаманың негізінде қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз шығарылған 3 актінің күші жойылды. Мәселен, Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағының талаптарын ескермей, қызметкерлер қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен және тәртіптік комиссияның ұсынымынсыз ақылға қонымды теріс қылықпен келісімі болмаған кезде жауапқа тартылды.

Бұдан басқа, қызметшіні тиісті актіні жарияламай үстеме жұмысқа тарту фактісі анықталды, осыған байланысты Департамент араласқаннан кейін қызметшіге демалыс сағаттары берілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалыстарын уақтылы төлемеуінде көрсетілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 54-бабы 1-тармағының 4 бұзушылығы анықталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабында жұмыс беруші қызметкерге төлемді кешіктіру кезеңі үшін берешек пен өсімпұл төлейді деп көзделген.

Осыған байланысты, Департамент талаптарының негізінде 4 қызметшіге іссапар шығыстарының тиесілі сомасы және демалысты уақтылы төлемегені үшін жалпы сомасы 16 мың теңгеден астам өсімпұл төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...