Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.

Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында Департамент 24 көрсетілетін қызмет алушының құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады.

Мысалы, ақпараттық жүйелер мониторингінің қорытындысы бойынша Департаменттің ден қою актілерінің негізінде Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органы бұрын формальды себептермен мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған 7 азаматқа бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін берді.

Фермер шаруашылығының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына шағымы  негізінде Департаменттің шешімі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 14 миллион теңге сомасында субсидия төленді.

Сондай-ақ Департаменттің араласуынан кейін Мемлекеттік корпорацияның Ақмола облысы бойынша филиалы 3 азаматқа автокөлік құралдары мен жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркелді, 4 өтініш берушіге жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттары дайындалды, Көкшетау қаласының, Целиноград ауданының әкімдіктері 6 азаматқа бағбандық, жеке қосалқы шаруашылық, 1 заңды тұлғаға-бизнесті кеңейту үшін жер учаскелері берілді.

Бұдан басқа, бақылау қызметі шеңберінде Департамент лауазымды адамдарға рұқсат беру тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабы бойынша жалпы сомасы 996840 теңге 18 айыппұл салды, көрсетілетін қызмет берушілердің 13 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері Департаменттің тұрақты бақылауында.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...