Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауында ақмолалық жас суретшілер үздік нәтиже көрсетті.
Байқауға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жастағы білім алушылары қатысты. Барлығы 136 оқушының ішінде 8-і Ақмола облысының өкілдері болды.
Байқаудың қашықтық форматта өтуі әр қатысушыға кескіндеме әлемінде «жұлдыз болуға» мүмкіндік берді. Мұндай байқаулар, әдетте, шеберлікті шыңдау, өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру және көрсету үшін ең жақсы алаң болып табылады.
Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы қоғамдық бірлестігі филиалының, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің, «Астана» халықаралық университетінің оқытушылары қатарынан 9 білікті маман сурет байқауына төрелік етті.
Қазылар алқасының алдында байқау жеңімпаздарын анықтау, көптеген жұмыстардың ішінен аталған тақырыпқа және байқау шарттарына толық сәйкес келетіндерді таңдау, сондай-ақ шынайылық пен өзіндік бірегейлігімен ерекшеленетін күрделі міндет тұрды. Қазылар алқасы жас қатысушылардың жоғары әлеуетін, ұсынылған жұмыстардың сапасын атап өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы әр жас санаты бойынша 18 жүлделі орыннан 36 жеңімпазды анықтады.
Ақмола облысының намысын қорғаған 8 оқушының 4-еуі жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда:
«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» жас суретшілер көрмесінде:
3 орын – Устинова Яна – Аршалы ауданы, Аршалы кентінің БЖШО.
«Бояулар құпиясы» номинациясында:
3 орын – Абраамян Софья–Сандықтау ауданы, Мәдениет ауылының ОМ.
«Коллаж» номинациясында:
1 орын — Көшек Инабат — Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» КММ.
«Сүйікті кітабымның иллюстрациясы» номинациясында:
1 орын – Грошикова Влада– Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy».
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, қатысушыларға сертификаттар беріледі.