Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық жас суретшілер республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Ақмолалық жас суретшілер республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауында ақмолалық жас суретшілер үздік нәтиже көрсетті.

Байқауға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жастағы білім алушылары қатысты. Барлығы 136 оқушының ішінде 8-і Ақмола облысының өкілдері болды.

Байқаудың қашықтық форматта өтуі әр қатысушыға кескіндеме әлемінде «жұлдыз болуға» мүмкіндік берді. Мұндай байқаулар, әдетте, шеберлікті шыңдау, өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру және көрсету үшін ең жақсы алаң болып табылады.

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы қоғамдық бірлестігі филиалының, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің, «Астана» халықаралық университетінің оқытушылары қатарынан 9 білікті маман  сурет байқауына төрелік етті.

Қазылар алқасының алдында байқау жеңімпаздарын анықтау, көптеген жұмыстардың ішінен аталған тақырыпқа және байқау шарттарына толық сәйкес келетіндерді таңдау, сондай-ақ шынайылық пен өзіндік бірегейлігімен ерекшеленетін күрделі міндет тұрды. Қазылар алқасы жас қатысушылардың жоғары әлеуетін, ұсынылған жұмыстардың сапасын атап өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы әр жас санаты бойынша 18 жүлделі орыннан 36 жеңімпазды анықтады.

Ақмола облысының намысын қорғаған 8 оқушының 4-еуі жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда:

«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» жас суретшілер көрмесінде:

3 орын – Устинова Яна – Аршалы ауданы, Аршалы кентінің БЖШО.

«Бояулар құпиясы» номинациясында:

3 орын – Абраамян Софья–Сандықтау ауданы, Мәдениет ауылының ОМ.

«Коллаж» номинациясында:

1 орын – Көшек Инабат – Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» КММ.

«Сүйікті кітабымның иллюстрациясы» номинациясында:

1 орын – Грошикова Влада– Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy».

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...