Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың слеті өтті

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың слеті өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжінің қабырғасында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың слеті өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов қатысып, студенттік ортада адамгершілік құндылықтарды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

«Академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды тәрбиелеуге өскелең ұрпақ ерекше көңіл бөледі. Осы тұрғыда жыл сайын слеттер ұйымдастырылады, онда өңірдегі оқушылар мен студенттер қатарындағы белсенді жастар өз жетістіктерін көрсетіп, тәжірибе және ақпарат алмасады. Бүгінгі іс — шараға қатысушылар өздері үшін көптеген жаңа және пайдалы дүниелерді игере отырып, алдағы уақытта парасатты қоғамды қалыптастыруға өз үлестерін қоса беретініне сенімдімін», — деді Арман Рахимов.

Конкурстың 3 кезеңінен өту үшін командалар клубтардың визит карточкаларын ұсынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша зияткерлік викторинаға қатысты, сондай-ақ парасаттылықты қалыптастыру бойынша жобаларды Pecha-Kucha форматында ұсынды.

Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланды, сондай-ақ, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, өңірде барлығы 32 «Саналы ұрпақ» студенттік клубы және 551 «Адал ұрпақ» мектеп клубы жұмыс істейді, олардың мақсаты жас ұрпақты рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...