Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 11-де III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.
Онлайн түрде өткен шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды.
Байқаудың негізгі мақсаты — оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.
Байқауға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл Егіндікөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 15 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарды қанжығасына байлады:
Шүкір Даяна — Егіндікөл ауданы Көркем ауылының негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы — І орын;
Ибрагимов Бауыржан — Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы — ІІ орын;
Төлеу Бекболат — Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей–интернатының 8 сынып оқушысы — ІІІ орын;
І орын иегері Шүкір Даяна 25-26 қарашада Алматы қаласында өтетін III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына жолдама алды.