Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық оқушылар шешендік өнер байқауында бақ сынасты

Ақмолалық оқушылар шешендік өнер байқауында бақ сынасты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 11-де  III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.

Онлайн түрде өткен шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаты — оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.

Байқауға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл Егіндікөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 15 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарды қанжығасына байлады:

Шүкір Даяна — Егіндікөл ауданы Көркем ауылының негізгі орта мектебінің          9 сынып оқушысы — І орын;

Ибрагимов Бауыржан — Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы — ІІ орын;

Төлеу Бекболат — Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей–интернатының 8 сынып оқушысы — ІІІ орын;

І орын иегері Шүкір Даяна 25-26 қарашада Алматы қаласында өтетін III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына жолдама алды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...